«Ақыртас» кешенінің аумағында орналасқан визит-орталық ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескі мүліктер жаңартылды. Сондай-ақ ауыз су сүзгісі орнатылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалды. Бұл туралы баспасөз-конференциясында Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Берік Жүсіпов айтты.