Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл толып отыр. Қайырымдылық пен медиацияны қатар дамытуды қолға алған іргелі ұйым қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында да жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Жалпы, Жамбылдағы 75 этномәдени бірлестік пен Ассамблеядағы ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары», «Кәсіпкерлер қауымдастығы» мен «Жомарт жан» еріктілер орталығының көздегені бір: Достық, ынтымақ, берекелі тірлік.