2024 жыл Тараздықтар үшін де айтулы оқиғаларға толы жыл болды. Көне шаһар екі аумаққа бөлінгендігін алдыңғы сюжетімізде айтқан едік. Тағы бір тоқтала өтетін жәйт 1990 жылдан бері ауыстырылмаған М-1 магистралі жаңартылды. Ала жаздай жасалған жұмыстар аяқталды. Бұл жасалған жұмыстардың бір парасы ғана.