«Ана тілі» газетіне шыққан «Мақсатым-экономика және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбат мақала жариялады. Онда Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуы үшін нақты қадамдар мен мақсаттарды атап өткен. Соның ішінде экономиканы әртараптандыру, саяси жаңғырту және ұлттық егемендікті нығайту мәселелері басты назарда боларына тоқталған. Бұл ұстанымдарды Жамбылдықтар да дұрыс деп есептейді. Себебі, қазіргі жаһандық экономикалық өзгерістер мен дағдарыстар жағдайында экономика тек шикізатқа емес, инновация мен өндірістік секторларға негізделуі тиіс.