2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көрді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Сондай-ақ елдің 2024 жылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.