Аймақтағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қысқы кешенді тактикалық және жауынгерлік дайындық оқу-жаттығуларын бастады. Оған басқа да әскери құрамалар қатысуда. Әрбір таңды «Жиналу» дабылымен бастайтын сардарлар мен сарбаздар жауынгерлік шеберлігін шыңдап жатыр.