Отбасы құндылықтарын нығайту мемлекеттік саясат басымдық беріп отырған бағыттардың бірі. Осы орайда өңірлерде аналар алқасы жұмыс істеп келеді. Бүгін осы «Аналар алқасының» аймақтық форумы өтті. Онда ауыл-аймақтан жиналған 50-ге жуық әжей бас қосты. Келелі жиында отбасындағы құндылықтар айтылып, бала тәрбиесіндегі аналардың рөлі дәріптелді.