Ағымдағы жылдың 9 айында қазынашылық департаментіне барлығы 584 мың 800 қаржылық құжаттар қабылданған. Бірақ олардың бәрі бірдей заң талаптарына сәйкес емес. Нақтырақ айтқанда 39 жарым пайызында әртүрлі бұзушылықтар анықталып отыр.

Бюджетті сапалы игеру – экономиканы дамытады - деген қазынашылық комитетінің бастамасымен семинар өтті. Онда жауапты мамандар қаржылық құжаттарды тапсыру кезінде орын алатын кемшіліктерді талқылап, кеңестер берілді.