Елімізде Еңбек күні жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Осыған орай «Ассамблея, Парламент, Мәслихаттар» қоғамдық жобасы аясында «ТаразКожОбув» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында көп жылдық еңбек өтілі бар қарапайым қызметкерлер алғыс арқалап, марапатқа ие болды.