Ағымдағы жылдың қазан айының 6-сы күні елімізде республикалық референдум өткізілетін болады. Саяси науқанға қазірдің өзінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Жамбыл облысындағы учаскілерде материалдық-техникалар жарақталуда. Ал референдумда заң бұзушылықтарды болдырмас үшін, байқаушылардың капитандарына арнайы семинарлар өткізілуде.