Өткен жылмен салыстырғанда, облыста кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру саны екі есеге өскен. Бұл - мораторий алынғаннан кейінгі нәтиже. Шамадан тыс тексеруден мезі болған кейбір кәсіпкерлер біздің облыстан өзге аймаққа кетіп қалса, 111 млн теңге айыппұл арқалаған тағы бір кәсіпорын жабылудың алдында тұр.

Кімдікі жөн? Кінәлі тарап қайсысы? Кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақстаныда бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп берді. Облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жиында салаға қатысты сан түрлі мәселе көтерілді.