Биыл жоспар бойынша егіс алқаптардан жиналатын өнім мол болмақ. Аймақта ауа-райы қолайлы, сондай-ақ дихандар егінді суару үшін жаңа технологияларды пайдалануда.

Мәселен, бір ғана Жуалы ауданында 100 000 гектарға жуық егіс алқап бар. Биыл аталған аумақ толығымен игерілуде. Өңір Жамбыл облысы бойынша көкөніс өсіруге ден қойған.