Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойынға тыйым салу петициясы талқыланды. Жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі петицияны қолдады. Туризм және спорт министрлігінің қатысуымен өткен отырыста бұған қатысты арнайы жоба да әзірленді. Министрлік петицияға қатысты 2 мыңнан астам пікірге талдау жүргізді. Жұмыс тобы мүшелерінің көбі петицияны және мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуын шектеуді қолдайды.