Су басқан аймақтарға Жамбылдық ардагерлер де көмек қолын созуда. Облыстың ардагерлер ұйымдары Орал қаласына бір жүк көлігіне тиелген гуманитарлық жәрдем жіберді.

Қиын-қыстау кезеңде батыстық тұрғындарға қал-қадірімізше қолдау көрсетіп жатырмыз, қазіргі бүтін елді әбігерге салған жағдай тезірек аяқталсын, дейді аға буын.