Жайық өзенінен төнетін қауіп әлі де сейілмей тұр. Ресейдің иректі қоймасынан жіберілген су жайықтың деңгейін көтеріп, жағдайды күрделендіруде. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов бүгінгі үкімет отырысында осылай деді. Ал өзге өңірлерде жағдай тұрақталып, қызыл судың беті қайта бастаған.