Байзақ ауданында ауыл балалары жылыжай өсіру ісін мектеп жасынан меңгере бастады. Тың жоба Амангелді ауылында жүзеге асуда. Игі іске мектеп ұжымымен қатар, осы ауылдың азаматтары қолдау көрсеткен. Енді қазір мектеп оқушылары агросалаға қызығып, тіпті алғашқы өнімдерін де жинап үлгерді.