Елге құрмет – ортақ нығмет. Қиын қыстау кезеңде қазақ жерін паналаған түрлі этнос өкілдері тіл мен ділге, дәстүрге құрметпен қарау парызымыз деп біледі.

10 мыңға жуық тұрғыны бар Жалпақтөбе ауылының 80 пайыздайы өзге ұлт өкілдері. Олар әнұран шырқап, қазақы дәстүрді ұстанып, ас мәзірін де қазақша дайындайды.