Жыл басынан бері Жамбылда 99 адамды кене шаққан. Зиянкестен келер қауіптен бөлек, малдан жұғатын жұқпалы аурулар да алаңдатып отыр. Себеп – сол баяғы салғырттық: көрші елдермен арада бақылау бекеттері күні бүгінге дейін қойылмаған, елдімекендердің сыртындағы қорғаныс аймақтарын заласыздандыру жұмыстары да сылбыр.

Төрт түліктен тарайтын кеселдерді болдырмаудың жолдары арнайы кеңес отырысында қаралды. Аймақ басшысы былтыр болған жағдайдың қайталанбауын қатаң ескертті, тиісті тапсырмалар жүктеді.