Қаіпсіздік сақтау үшін бөлінген қаржының 1 млрд теңгеден астамы талан- таражға түскен. Сондықтан, енді ҚР Қаржы агенттігі мониторингі су басқан аудандарда азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлар бағасына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, гидроқұрылыстар салуға арналған қаражаттың тиімді жұмсалуын тексереді.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасы Дмитрий Малахов барлығы бақылауда болады деп сендіреді. Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін дұрыс бақылап, тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.