Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадада белгіленген мерзімін өткерген сарбаздардың босатылуына орай салтанатты түрде жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Бұл рәсім өткен жылдың көктемінде Қарулы Күштер қатарына шақырылған сарбаздардың қызмет ету мерзімінің аяқталуын білдіреді.

Салтанатты сап түзеуде әскери бөлім командирлерімен офицер-командирлер сарбаздарды құттықтап, ақ жол тіледі.