«Жаңабаевтар» отбасылық халықтық ансамблі есеп беру концертін өткізді. Әрдайым отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ауызбіршілік пен татулықты ту еткен ұжымның негізін қалаушы Күлімбала Жаңабаева 70 жасқа толып отыр.

Мерейтойға орай «Анаңның бетінен сүй» тақырыбындағы сазды кеш ұйымдастырылды.