Ақтөбелік оқушылар киноға барды. «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан балалар «Біздің қаланың ханзадасы» фильмін тамашалады. Облыстық кино орталығының мамандары су тасқынынан зардап шеккен аймақтың кішкентай тұрғындарын қолдау мақсатында осындай шара ұйымдастырған.