Елімізде су тасқынына байланысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. СҚО аумағында су деңгейі жоғары шегіне жетуі мүмкін. Ал, кеше түстен кейін Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын да су басуда.

ШҚО-да Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр. «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Ақтөбе облысымен шекаралас өңір өзендерінде су тасқынының асқынған шегі өткенін хабарлады. Болжамға сәйкес, БҚО аумағынан су тасқыны толқынының түсуі сәуірдің үшінші онкүндігінде, атап айтқанда 28-29 - да күтіледі.