Бүгін Таразға Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен 50 бала келді. Оқушыларды теміржол бекетінен білім басқармасының қызметкерлері күтіп алды. Енді Ақтөбелік балалар Таразда білім алып қана қоймайды, сонымен қатар арнайы мамандар сауықтыру программаларын өткізіп, психологиялық көмек көрсететін болады.