Қазынадан бөлінген млрдтаған қаржының шарапаты. Таразға тағы жаңа автобустар келді. Айта кетейік, тасымалдаушы кәсіпкерлерге шаһардың бюджетінен қомақты көмекқаржы бөлініп келеді.

Енді Құмшағалдықтар да су жаңа автобустармен қатынайтын болады. Қоғамдық көліктердің кілттері бүгін жүргізушілерге тапсырылды.