Жамбыл облысында су тасқынынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Орынбеков хабарлады. Оның айтуынша өңірдегі барлық су қоймаларының жалпы толымдылығы 77 пайыз құрап отыр.

Ал, таулы аудандардағы қар жамылғысының мөлшері 5-10 см көрсетуде. Сондықтан төтеншеліктер алаңдауға еш негіз жоқ дейді.