Су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір адам ескерусіз қалмайды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағындағы тасқын салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады. Президент Үкіметке шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тапсырма берді. Ал берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет екенін айтты.