Шу ауданында 2 мыңнан астам кіші кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Олардың ішінде ауылдың өзінен шағын өндіріс орындары мен кіші цехтарын ашып, елді-мекеннің еңсесін көтеруге өз үлестерін қосып жатқандар да жетерлік.
Мәселен Абай ауылындағы отбасылық бизнесті өрбітіп жатқандардың бірі бие байлап, қымыз өткеріп жатса, енді бірі елді құрлысқа қажетті кірпішпен қамтамасыз етуде.