Семей полигоны – адамзат тарихындағы ең үлкен қасірет. Кеңестік кезеңде ядролық сынақ алаңына айналған Семей жерінде 500 мыңнан аса адам зардап шеккен. Ең өкініштісі, сол сынақтың зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатқан жандар аз емес.

Осы орайда, Семей полигонының жабылуына 32 жыл толуына орай Меркі ауданында арнайы ескерткіш бой көтерді. Ондағы мақсат, сынақ алаңында әскери борышын өтеп, радиация салдарын жоюға атсалысқан меркілік азаматтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету.