Елдегі ең ірі су қалашығы - Таразда. Бүгін «Зербұлақтың» салтанатты ашылуы өтті. Ал оны ашып бергендер, аймақ басшысы бастаған, кәсіпкерлер қоштаған қауым.

Кешеннің құрылымы 1,9 гектарды құрайды. Ішінде 14 түрлі атракцион, SPA орталығы мен қонақ үй орналасқан.