Өңірде өтіп жатқан "ZHEIF- 2023" халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Қордай ауданының Қарасу ауылында қуаттылығы жылына 1,5 млн. тонна болатын цемент өндіру зауытының капсула салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен "KORCEM" (Корцем) ЖШС- нің өкілдері қатысты.