Мектептерде ақша жинауға ешқандай қажеттілік жоқ. Қазынадан қыруар қаржы бөлінеді деген жауапты сала басшылары солай деп сендіреді.  Алайда, көпшілік пікірге құлақ түрсек бұл мәселеге тосқауыл болмай тұрған секілді.

Мектептерде ақша жинаудың бар екенін сала басшылары да жоққа шығара алмай отыр, тек, шектеу қойдық, күресіп жатырмыз дегенді айтады.  Қоғамға ортақ мәселені зерделеп көрген тілші бейнематериалы.

Тараз қаласы бойынша 60 мектеп бар. Ал, онда 70 мың 717 оқушы білім алады. Педагогтар саны 5890-ды құрайды. Жыл сайын қазына қоржынынан миллиардтап қаржы бөлінсе де, білім саласы сын тезіне тез ілігеді.

Уалихан БАЙДУАНОВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /2019 жылға республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттен 24 мың 871 млрд. теңге бөлінінді, Бұл ақша қайда жұмсалады........

Басшы орынбасарының сөзіне сенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл қаладағы білім мекемелеріне бюджеттен бөлінетін қаржы анағұрлым артқан. Алайда, одан ата-ана қалтасына салынатын салмақ еш азаймай отыр дейді жұртшылық.

 Бар ғо перде сатып аламыз, штор сатып аламыз, жалюзи сатып аламыз, сондайларға бөлінсе. Ол подарка есебінде кете береді ғой. Негізі дұрыс қой ақиқатты айтқан дұрыс қой.

Мұғалімдерге ақша жинағанға қарсымын. Былай жеке өз басым, баламды жақсы үйретіп білімді болса, ризашылығымды жеке өзім жетікізер едім. Подаркіні.

Мектептегі ақша жинау мәселесіне айтатыным циркке, неге жинаса, балларға жұмыстан қол тимейді. Оған қарсы  емеспін. Ремонт, тағы бір мәселелік жағдайға жиналса оған қарсылығым бар. Бір мектепте оқитын  төрт балам бар.

Әкел деген несіне қарай бере береміз ғой. 500 теңгеден. Екі балам бар Шөлдалада. Родительский жинаймыз 350 теңгеден, ремонтқа жинаймыз 1000 теңгеден, 800 теңгеден/

Иә, ақиқатты айтқан жақсы ғой. Қоғамда мұндай пікірдің рас екенін сала басшылары да мойындап отыр.  

Уалихан БАЙДУАНОВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /Мұндай жағдайлар бұрындары болған, ал биыл біз бұған шектеу қойдық. Әр мектеп басшыларына арнайы хат жібердік....../

Оқу жылы аяқталып келеді. Сыныпты жөндеу, ұстаздарға сыйлық жасау, жәрмеңке өткізуге ақша жинау жылдағы дәстүр іспетті. Одан бөлек, төртінші және он бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының қалтасына біраз салмақ салатыны жасырын емес. Бұл ретте жауаптылардың жауабы мынадай:

Уалихан БАЙДУАНОВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Ата-аналарға ешқандай қаржы жинауға негіз жоқ. Мектептердің қажеттілігіне, жөндеу жұмыстарына білім бөлімі тарапынан әк, краскасына дейін қажетті заттары жеткізіліп береді. Әрине енді, сол заттардың бәрі түгелімен жетет деп айта алмаймын. Бірақ жеткілікті жеткен жеріне  дейін ремонтқа жұмсауы тиіс. /

Осылайша, мектептердегі ақша жинау мәселесіне қашан тосқауыл қойылары белгісіз. Бұл ретте, сала мамандарымен қоса ата-аналардың да жауапкершілігі бар екенін ескеру керек секілді.

Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар ТерлікбаЙ «Жаңалықтар қызметі»