Сұрапыл соғыс жылдары оқ пен оттың ортасында жүріп, елін, жерін қорғаған сарбаздарға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бейбіт күнді жақындатқан майдангерлердің шаңырақтарына арнайы барып, сый-құрмет көрсетті.

Облыс әкімі соғыс және еңбек ардагері Тілеуқабыл Төребековтің үйінде қонақта болып, майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады.. 1943-1950 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет атқарған ол 5 жыл Жапон соғысына да  қатысқан екен.

Тілеуқабыл ТӨРЕБЕКОВ, СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Тоқсанның төртеуіне келген қарт жауынгердің омырауы медальға толы. Атап айтақ, ол «Отан соғысы» орденімен  және 17 мерекелік медальдармен марапатталған. Тілеуқабыл қария соғыс жылдарынан кейінгі бар ғұмырын  Жамбыл облысының экономикалық өсіп-өркендеуіне арнаған.

Тілеуқабыл ТӨРЕБЕКОВ, СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Қазіргі таңда облыста 75 соғыс ардагері бар. Оларға жеңіс күніне орай 300 мың теңгеден сыйақы берілді. Сондай ақ, ардагерге теңестірілгендер мен тыл ардагерлері де 100 мың теңгеге дейін сыйақы алды. 

Қымбат Қаржауқызы, Марат Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»