Таразда көлік салығы мен алименттен жалтарып жүргендерге тосқауыл қойылды. Олардың бірі – баласына тиесілі алиментін бермесе, енді бірі – тізгіндеген темір тұлпарының салығын сәуірден бері төлемей жүр. Бүгінде мұндай борышкерлердің көліктері бірден айыптұраққа жөнелтіледі. Дегенмен салық сақшылары, полиция өкілдерімен бірлескен рейд барысында борышкерлерге әзірге ескертпе жасады.