Облыстық дәстүрлі «Dastan Cup – 2025» турнирі өтті. Шағын футболдан ұйымдастырылған жарыс биыл төртінші жыл қатарынан өтіп отыр. Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Дастан Әділбайдың рухына арналған турнир құзырлы органдарының қолдауымен ұйымдастырылды.