Елімізде жасанды интеллект және цифрлық даму министірлігі құрылады. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек,-деді Президент. Мемлекет басшысы жаңа технологияның экономика, білім, медицина, мемлекеттік басқару сияқты салаларға оң әсер ететініне сенімді. AI жүйелерін енгізу мол мүмкіндіктерге жол ашатыны анық. Мәжіліс депутаттары да бұл бастаманы қолдап отыр.