Енді ұстаздар да қаржылық сауаттылық курсына қатысады. Себебі, той – томалақ жасап, қымбат телефон не дүние алып, ақырында қарызға батып қалатындар азаймай отыр. Алаяқтарға алданатындар, қызылды- жасыл дүниеге арбалатындар, уақытша қызыққа малданатындар соңында өкінбес үшін қаржылық сауаттылық қажет. Бұл орайда 500ден аса мұғалімге Ұлттық Банкі қызметкерлері мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары дәріс өткізуде.