Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы қарқын алып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде. Жергілікті жас футболшылар түрлі деңгейдегі турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп, жаттықтырушылар еңбегін ақтап жүр. Бұл – өңірде спортқа, әсіресе балалар спортына ерекше көңіл бөлініп отырғанының айқын дәлелі.