Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындардан түскен шағымдарға сәйкес жоспардан тыс «Бәйтерек» шағынауданын аралап, жай-күйі мен тазалық жұмыстарын сынға алды. Өңір басшысы аралау барысында қураған ағаштарды кесу, шөп шабу, арықтарды тазалау, қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді талап етті.