2016 жылдан бастап құрылған қоғамдық кеңестер бүгінде шын мәнінде қоғам сенімін арқалаған ұйымға айналды. Қазіргі таңда еліміз бойынша 300- ге жуық республикалық және жергілікті қоғамдық кеңестер жұмыс істейді. Соның ішінде Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесі де қоғамдық бақылау, қоғамдық сараптама, мониторинг және есепті тыңдаулар өткізіп, өз жұмысын абыройлы атқаруда. Қазіргі таңда кеңес комиссиялары аудандар мен басқармалар есебін тыңдауға көшті.