Тараздағы Мәмбет батыр көшесінде ерекше аялдама пайда болды. Бұл аялдама тұрғындардың назарын бірден аударды.Стандартты аялдамалардың орнына өрт сөндіру көлігінің кабинасы бар.Тараздық өрт сөндірушілердің креативті жобасы - Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай орнатылған.