Меркі ауданында «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Онда еңбек ардагері Базарбай Айтбаевтың өмір жолы жастарға үлгі етілді. Бұл шараның басты мақсаты – жастарға адал еңбектің қадірін ұғындыру, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру.