Салауатты өмір салтын қалыптастыру және еңбек адамдары – кәсіподақ мүшелері арасында спортты насихаттау мақсатында облыстық спартакиада ұйымдастырылды. «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты білім және ғылым мекемелері қызметкерлері арасындағы спартакиада биыл 9-шы рет өткізіліп отыр. Бұл шара педагогтар мен қызметкерлердің спортқа қызығушылығын арттырып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді.