Еліміздің сот билігінде мемлекеттік тілді қолдану төмен деңгейде қалып отыр. Халықтың 75 %–дан астамы қазақ тілді болғанымен, сот органдарында тілдің толыққанды қолданылуы тек 37 %–ды ғана құрайды. Заң шығару саласында да қазақ тілін қолдану ақсап тұр. Жалпы осыған дейін, 3 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қабылданған болса, соның небәрі 3–еуі қазақ тілінде жарияланған. Жоғарғы сот судьясы Досжан Әмірдің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ана тілінің жайы талқыланды.