Талас ауданы Ақкөл ауылында «Шу-Талас» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлімшесі ашылды. Жергілікті атқарушы орган тарапынан Инспекцияның теңгеріміне арнайы ғимарат және гараж берілді. Осының арқасында аймақта балық шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туатын болады.