Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы мақсатта өңірімізде де еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы мамандықтар иесін қолдау бағытындағы кешенді жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі ретінде облыста Студенттік құрылыс жасағын құру бастамасын айрықша атап өтуге болады.