ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Ауқымды жиынға Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы вице-министрі, сондай-ақ аумақтық инспекциялар мен облыстық ветеринария басқармаларының басшылары қатысты. Отырыс аясында ветеринария саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары кеңінен талқыланып, өңірдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына баса назар аударылды.