«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ақыртас» тарихи кешенінің маңайын тазарту, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан- тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.