Жамбыл облысында бала басына берілетін атаулы әлеуметтік көмекті 29650 отбасы алады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 16,7 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі кезде Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығында өтініштер қабылданып жатыр. Сол өтініштердің негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалатынын учаскелік комиссиялар анықтап, нақтыламақ. Ал әзірге Тараз қаласы бойынша орталыққа 3711 азамат өтінішпен қайрылыпты. Қымбат Қаржауқызының репортажы.
Мамандардың берген мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін мұнда 3711 азамат қайрылған, олардың 2357-інің өтініштері қазір қаралу үстінде. Заң аясында 52 критерий көзделген, демек өтініш толтырушы отбасының экономикалық-әлеуметтік, білімі және денсаулығы туралы толыққанды мәлімет беріп өтуі тиіс.
Шолпан МАЛШИБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әр жанұядағы студенттердің шәкіртақысы, күміс және алқа иегерлерінің, мүгедектігі мен асыраушысынан айрылуына байланысты алатын жәрдемақысынан басқа кіретін табыс көзінің бәрі де есепке алынады. Қазір жинақталып жатқан өтініштер бойынша учаскелік комиссиялар үй-үйді аралап, әр жанұяның тұрмыстық жағдайын көреді. Тек содан кейін ғана жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын отбасылар белгілі болады.
Елдос КЕҢЕСБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Одан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аз қамсыздандырылған отбасыларына қайтарымсыз немесе пайызы аз несиелер беру ісі мамыр айында қолға алынбақшы.
Елдос КЕҢЕСБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Тараз қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сай, 4 жарым мыңға жуық отбасы қамтылуы ықтимал. Ол үшін 1 млрд. 350 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Айта кететін жәйт, жыл басында 6 ай мерзімге атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған отбасылары орталыққа келіп, әуре болмаса да болады. Өйткені, оларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады.
Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»