Таразда ісімен талай кісіге үлгі боларлықтай жандар жетерлік. Олар мүмкіндігі шектеулі болса да, елге қолын жаймайды. Кәсіп үйреніп, сонысын кәдеге жаратып отырғандар. Ал оларға мұндай мүмкіндік берген «Нақты көмек» қоғамдық бірлестігі. Қырықтан астам кембағал жанды оқытып, бүгінде олар үйінде отырып-ақ табыс табуда. Мемлекеттен төленетін зейнетақыға қарап қалмай, отбасын асырауға өз үлесін қосып жүрген өмірге құштар жандардың тірлігін тілшіміз Аягөз Тілеуханқызы көріп  қайтты.

 Көздің жауын алатын мына бұйымдарды осы кісілер жасаған десе, жұрттың көбісі сенбеуі де мүмкін. Бірақ бұл шындық. Таңсәріден осында асыққан мүмкіндігі шектеулі жандардың ісі қауырт. Бірі тоқыма тоқып, екіншісі тігін машинасының құлағында ойнайды. Құрақ құрап, түрлі заттар тігеді.  

Анар МАМЫТОВА – ІІ-ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК /Осы жерде тігін тігуді, бәрін үйрендік. Үйде отырып тіге беремін қазір. Құрақ құрап, заказ қабылдай берем өзім. Біздің де қолымыздан келетінін көрсеткіміз келеді/.

Бейбіткүл МАМЫТОВА – АНАРДЫҢ АНАСЫ /екінші группамен үйде отырған, неше жылдан бері. Өте қуанышты қызым. Қазір төрт қабырғада отырған жоқ.мен инвалидпін, деп бұрын түңіліп отыратын. Ондайды қазір қойды. Қазір осы жаққа суббота, воскресеньені асығып, дүйсенбі қашан болады деп отырады. енді мына үйірме болатын жерлерін үлкейтіп берсе, осы қыздар секілді үйде отырған жандар көптеп келер еді үйренуге/.

Ардақ  тоғыз жыл бұрын оқыстан қатты дене жарақатын алған. Осылайша ойламаған жерден мүмкіндігі шектеулі жан болған ол, тағдырдың ауыр сынағына мойымайды. Табандылығы мен қайсарлығы оны осы жерге алып келеді. Дос та табады, жарын да кездестіреді, талай нәрсені үйренеді.  Қазір екі баланың анасы.

Ардақ КӨЛБАЕВА – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 2009 жылы травма алдым позвоночниктен. Содан жаттым бір жылдай. Қазір енді Шолпан әпкемнің сабағына келіп, қатысып, сол жерде тоқыма үйрендім. Қазір өзім заказ қабылдаймын. Инстаграмм арқылы, парақшамды ашып қойғанмын. Әр қаладан тапсырыстар аламын. Бір пенсияға қарап отырғанша, осылай қосымша табыс тауып семьямызға, отбасыма көмектесіп жатырмыз/.

Жасалған бұйымдары жәрмеңкеге шығарылып, сатылып та жатыр. Бірлестік былтыр Жамбыл облысының әлеуметтік кәсіпкерлік жобалар байқауынан бірінші орынды иеленген. 8 айда 40 мүгедек әйелдерді оқытып шығарыпты.

Шолпан АХМЕТОВА – «НАҚТЫ КӨМЕК» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ /Әлеуметтік жобалар бойынша осындай мүгедек жандарға проект ретінде осы жобаны алдық. 40 кісіні оқытып шығардық енді бұлардың көбісі үйде отырған. Бәріне өзі іздеу жасадым, өйткені өзім де мүгедек болған соң олардың жағдайын түсінем, кішкене болса да қолжетімді табыстарға жетсін, біраз жұмыс жасасын деген мақсатпен/.

Аядай ғана, тар бөлмеге тығылса да тігін тігіп, тоқыма тоқып, екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс жасап отырған бұл жандардың жұмыстары, шын мәнінде өзгеге үлгі боларлықтай. Армандары да асқақ, өмірге құштар бстысы. Жоспарлары да жоқ емес.

Қаламқас ТОҚСАНОВА – ІІ-ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК /Жақсылап тұрып үйреніп алсам, өзіме кәсіп ашқым келіп жүр. Президентіміз айтқандай, әйелдерге арналған киімдер тіккім келеді. Сондай нәрсені бастасаңдар деген болатын. Енді Елбасының сол тілегін жүзеге асырғым келеді/.

Ардақ КӨЛБАЕВА – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы өзекті екені рас. Бірақ олардың өз өздерін жұмыспен қамтып, табыс табуына жол көрсеткен мұндай жобалар қоғамда көптеп керек-ақ. «Нақты көмек» кембағал жандарды қолдауды тоқтатпақ емес. алдағы наурыз айында мүмкіндігі шектеулі жандарды жинауды бастамақ ниетте.

А. Тілеуханқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»